Астанада бірнеше көше жабылады

Астана қаласында 13–16 шілде аралығында Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бірқатар съездер уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, төмендегі бағыттарда көлік қозғалысы тоқтатылады:

Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне бұрылатын жол
Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына бұрылатын жол
«13 шілдеден 16 шілдеге дейін көрсетілген бағыттарда қозғалыс толығымен шектеледі», – делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы