Бүгiн 2026, 01:39
Фото: pixabay
Астанада бірнеше көше уақытша жабылады
Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау кезінде ақпаратты ескерулерін сұрайды.
Астананың бірқатар көшелерінің қиылыстарында ақауы бар асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Қозғалысқа қойылатын шектеулер:
Ж. Нәжімеденов – Қ. Аманжолов көшелерінің қиылысы – 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов – С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы – 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;
С. Нұрмағамбетов – А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысы – 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.