Астанада бірнеше даңғыл мен көшеде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі
Астанада 7-10 тамыз аралығында бірнеше даңғыл мен көшеде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.
Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен "Есіл" (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандары к-рі.), "Нұра" (Тұран, Ұлы Дала даңғ.) және "Алматы" (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп жазылған хабарламада.
Дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.
Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді.
Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз, – деп жазды Мемлекеттік күзет қызметінен.