Астанада бірнеше автобустың бағыты өзгереді

Астаналық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің бағыты уақытша ауысқанын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қала көшелерінде жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

Осыған байланысты № 1, 2, 4, 4A, 9, 13, 19, 24, 24H, 33, 48, 70, 71 бағдарларының қозғалыс сызбасы жөндеу біткенше уақытша өзгереді.

Жаңа қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Сапарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертеді компаниядан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы