Астанада "Birgemiz: areket yaqyty" жобасының тұсауы кесілді

Астанада «Birgemiz: areket yaqyty» жобасын таныстыруға арналған конференция өтті,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша алғаш рет жүзеге асырылуда. Аталмыш іс-шара волонтерлік қызметке атсалысатын азаматтардың үлесін арттыруға, сондай-ақ волонтерлік ұйымдар, топтар мен волонтерлердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыруға бағытталған.

"Birgemiz: areket yaqyty" аясында ұлттық волонтерлер фронт-офисінің қызметін, сондай-ақ, халқы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, жандандыру және ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру көзделген. 

Конференция жұмысына ҚР МАМ Азаматтық қоғам істері комитеті, Ұлттық волонтерлік желісі, халықаралық және волонтерлік ұйымдар, және белсенді волонтерлердің және өңірлік фронт-офистерінің өкілдері қатысты. 

Конференция барысында қатысушылар жобаны іске асыруға қолдау білдіріп, елдегі волонтерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыру бойынша бірқатар идеялар мен бастамалар ұсынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы