5 Тамыз 2024 2024, 16:44
Фото: ТЖМ
Астанада бір жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәлім еткендей, оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында орын алды.
Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды, - деп қысқа қайырды ведомство.
ТЖМ ескертеді:
- Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Москит торлары құлаудан қорғамайды;
- Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.