Астанада бір тәулікте 140-тан астам жол апаты тіркелді

Астанада кеше алғашқы қар жауып, түнде көктайғақ орнады. Қолайсыз ауа райынан өткен 140 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көктайғақ болуына байланысты 12 қазанда елордада 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті. 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты қатаң сақтауға, жеке көліктерді жол бойында қалдырмауға, сондай-ақ ережелерді сақтауға шақырады.

Астана тұрғындарына ұзақ сапарға көлікпен жолға шықпауға кеңес берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы