Астанада бір отбасы торттан уланып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде қалалық денсаулық сақтау департаменті аталған оқиғаны өз бақылауына алып, тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлады Елорда Инфо.
«Осы жылдың 15 сәуірінде елорданың инфекциялық ауруханасына асқынған ішек инфекциясымен 4 ересек және 1 жасөспірім (10 жас) жатқызылды. Зардап шегушілер өз ауруларын 14 сәуір күні «Happy Cake» дүкенінен сатып алынған «Птичье молоко» тортымен байланыстырады. Алдын ала ақпарат бойынша аталған отбасы демалыс күні ата-әжесінің үйіне торт алып қонақтап барған, нәтижесінде отбасы мүшелері түгелдей ауруханадан бір-ақ шыққан», - делінген хабарламада.
Департамент дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта отбасы мүшелерінің улануы бойынша тексеру жұмыстары басталды. Оның нәтижесі бойынша қосымша хабар беріледі.«Департамент бұған дейін де халықты «Happy Cake» сауда маркасының кремді-кондитерлік өнімдер шығаратын рұқсат етілген құжаттарының жоқтығы туралы хабардар еткен болатын. Осындай оқиғалардың орын алуына тағы бір себеп, кәсіпкерлік субъектілердің ашылған уақытынан бастап 3 жылға дейін тексеруден босатылғандығы (шағым түспеген жағдайда). Осыған орай, тұрғындардан кремді-кондитерлік өнімдерді (торт) сатып аларда оның санитариялық-эпидемиологиялық құжатының болуын талап етуді сұраймыз», - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау департаменті.
.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Азия чемпионаты. Қырғызстан қайда?
Өзгелердің жаңалығы