Бүгiн 2026, 14:46 Фото: ҚР ТЖМ

Астанада бір мезетте бірнеше үйден өрт шықты

Толстой көшесіндегі үш бірдей тұрғын үйдің шатыры түгел отқа оранған.

Астана қаласының Байқоңыр ауданында ірі өрт шықты. Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан үш жеке тұрғын үй отқа оранған.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде үйлердің шатырын толық жалын шарпыған.

Құтқарушылар суды үздіксіз беру жұмыстарын ұйымдастырып, өртті сөндіруге кіріскен. Өрт сөндірушілердің жұмысына жоғары өрт жүктемесі мен қою түтін кедергі келтіріп жатқаны айтылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.