Астанада бір мектептің оқушылары телефоннан бас тартты
Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары буллингке қарсы тұру мақсатында білім ордасында ұялы телефонды пайдаланудан біржола бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл бастаманы мектеп әкімшілігі көтеріп, ата-аналар мен оқушылар бір ауыздан қолдаған.
Екі жылдан бері осы тәртіпті пайдаланып келе жатқан мектепте балалар арасында құқықбұзушылық орын алмаған.
Керісінше, оқушылардың білімге құштарлығы артты, - дейді мектеп басшылығы.
Еске сала кетейік, қазақстандық полицейлер бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұстағаны туралы оған дейін жазғанбыз. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева мектепке жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторды қайтару керектігін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы