Астанада бір көшеде көлік қозғалысы бір аптаға шектеледі
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты көше 26 қазаннан 3 қарашаға дейін жабылады.
Астана тұрғындарына Шерхан Мұртаза көшесіндегі көлік қозғалысына шектеу енгізілетіні ескертілді. Көшенің бір бөлігі 26 қазаннан 3 қарашаға дейін жабылады.
iKomek Astana мәліметінше, елордада Шерхан Мұртаза көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігінде жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 26 қазанынан 3 қарашасына дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады, – делінген хабарламада.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеру сұралды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады. Қала ішінде жүріп-тұруды жоспарлаған кезде осы өзгерістерді алдын ала ескеріп, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз, – деп хабарлады iKomek Astana.