Астанада бір көліктен газ тапаншасы мен 12 мемлекеттік нөмір табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 32 жастағы ер адам Toyota Camry маркалы көлікпен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз қатты жылдамдықпен жүрген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мәліметінше, ер адам сағат 11:54-те Тұран даңғылы бойында ұсталды. Тексеру барысында одан есептен шығарылған 12 мемлекеттік нөмір, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы және төрт оқ-дәрі табылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Сараптама тағайындалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырау облысының активіне өңірдің жаңа басшысы таныстырылды
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы