Астанада бір даңғылдағы қозғалыс екі аптаға шектеледі
Жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша өзгертіледі.
Астанада Нұрмахан Тілендиев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ішінара жабылатын аумақ Баршын көшесінен бастап жолайрыққа дейінгі аралықты қамтиды. Шектеу 2025 жылғы 31 мамыр мен 15 маусым аралығында жалғасады.
Жөндеу кезеңінде аталған учаскеде қозғалыс әр бағыт бойынша бір жолақпен ұйымдастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аумақта уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Шектеулер көлік жүргізушілерімен қатар жаяу жүргіншілерге де әсер етеді. Әсіресе қарбалас уақытта жақын маңдағы көшелерде көлік жүктемесі артуы мүмкін.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс схемасындағы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Түсіністікпен қарауларыңызды және қала бойынша қозғалысты жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді алдын ала ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.