Астанада Бейбітшілік көшесіндегі учаске уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Бейбітшілік көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдейді.

Осыған байланысты 13-14 маусым аралығында көлік құралдары үшін Абай даңғылынан бастап Кенесары көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы