14 Қараша 2026, 19:24
Фото: pixabay.com
Астанада базар аумағындағы дәмхана өртенді
Өрт сөндірушілер газ баллондарын алып шықты.
Астананың Байқоңыр ауданындағы базар аумағында орналасқан дәмханадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алаш тасжолындағы 40 тонналық контейнерден жабдықталған дәмхана өртенген. Өрт жиһаз бен тұрмыстық техниканы шарпыған. Жалын 50 шаршы метр аумақты қамтыды.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ғимарат ішінен үш газ баллонын жедел алып шыққан. Осының арқасында баллондардың қызып, жарылу қаупінің алдын алған.
Министрлік өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.