Астанада Байқоңыр ауданында ірі өрт болды

Төтенше жағдайлар министрлігі Байқоңыр ауданы, Өндіріс көшесі, 37-үйде бір қабатты жәшікте өрт шыққаны туралы хабарлады. Өрт аумағы анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, өртті сөндіруге жеке құрамның 53 адамы мен 12 бірлік апаттық-құтқару техникасы жұмылдырылған.

Әзірге зардап шеккендер мен басқа мәліметтер туралы ақпарат жоқ. 07:26 өрт толық оқшауланды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы