Астанада бәйгеден ел біріншілігінің іріктеу кезеңі өтеді

Астана қаласының ипподромында 5 тамыз күні сағат 10:00-де «Бәйге Федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырған V Бәйгеден Қазақстан чемпионаты – іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ел біріншілігі Астана қаласының әкімдігі мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйытқы болуымен өткізілмек.

Шоқтығы биік ұлттық спорт жанкүйерлері мен кәсіби спортшылардың жүрегін жаулап алатын оқиға Астана қаласының ипподромында өтеді.

Шабандоздар әртүрлі жүлде мен финалдық сайысқа берілетін жолдаманы ұтып алу үшін өткізілетін жарыс аясында өз шеберлігі мен кәсіби деңгейін көрсету мүмкіндігіне ие болады.

Турнир ат жарысының құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс сияқты төрт түрі бойынша өтеді, жалпы жүлде қоры – 23 500 000 теңге.

Іс-шара аясында ойын-сауықтық бағдарламалары ұйымдастырылады:

қыз-келіншектер арасында «Ұлттық киім – ұлт ажары» деген атпен байқау өткізіледі. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге. 

Байқауға қатысушылар көрермен назарына өз қолымен тіккен, бірегей киімдерін ұсынуы тиіс; 

 көрермендер арасында әртүрлі жүлде ойнатады, жүлде қоры – 3 000 000 тг.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы