Астанада баспана кезегін «жылжытып беремін» деп адамдарды алдаған әйел ұсталды
Ол сыйақы берсе кезекті тездетуге ықпал ете алатынын айтқан.
Астанада полицейлер мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу кезегін жылжытуға көмектесемін деген сылтаумен алаяқтық жасады деген күдікпен 32 жастағы әйелді ұстады.
Полицияның мәліметінше, күдікті азаматтардың сеніміне кіріп, сыйақы үшін кезекті тездетуге ықпал ете алатынына сендірген. Ақшаны алғаннан кейін ол уәдесін орындамай, байланысқа шығуды тоқтатқан.
Қылмыстық схема қалай жұмыс істеген?
Тергеу нұсқасы бойынша, әйел тұрғындарға таныс-тамырлары бар екенін және баспана алуды жылдамдатуға мүмкіндігі бар екенін айтып сендірген. Осы сылтаумен мәселені қысқа мерзімде шешіп беруге уәде беріп, ақша талап еткен.
Дегенмен, қаражат қолға тиген соң, уәдені орындау бойынша ешқандай әрекет жасалмаған.
Тергеу нені анықтады?
Бүгінгі таңда күдіктінің кем дегенде пәтер алаяқтығының 5 эпизодына қатысы бар екені анықталды.
Жәбірленушілердің бірі үйді тезірек алудан үміттеніп, әйелге 1 миллион теңге берген. Құқық қорғау органдары анықтағандай, бұл ақша жеке қажеттіліктерге жұмсалған.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері ықтимал басқа да жәбірленушілерді анықтап, ұсталған азаматшаның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысын тексеруде.
Полиция ескертеді
Полиция өкілдері мемлекеттік бағдарламалар бойынша баспана алу кезегін ақшаға өзгерту немесе алға жылжыту мүмкін емес екенін ескертеді.
Барлық процедуралар тек заңнамаға сәйкес, уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Азаматтарды мұндай ұсыныстарға сенбеуге, делдалдарға ақша бермеуге және осындай жағдайларға тап болған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда Африкадағы алмазға сенген 1000-нан астам салымшы қаржы пирамидасына алданды.
- Бұршақ жауады, дауыл болады: 12 қыркүйекке ауа райы болжамы 06:20
- Қырғызстанда оқушылар мен студенттерді театр мен музейге міндеттеу ұсынылды 04:28
- 2026 жылғы Азиадаға қатысатын Қазақстан жеңіл атлеттері белгілі болды 03:35
- Сауд Арабиясы шабуылдардан кейін 1,2 мың шақырымдық мұнай құбырының жұмысын тоқтатты 02:50
- Құрылтайдың алдағы отырысында бірқатар маңызды заң жобасы қаралады 01:42
- Азия ойындарында Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан құрамасының туын алып шығады 00:28
- "Қалқаман" метро бекеті қашан ашылады? Алматы әкімдігі жоспарды жариялады 11.09.2026