Астанада «Барыс» спорт кешені маңында коньки тебуге тыйым салынды
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Барыс» спорт кешенінің маңында коньки тебуге тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының күрт өзгеруіне, мұздың еруіне байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарына Алматы ауданы Ақбұлақ өзенінің «Барыс» спорт кешенінің бойындағы («Қазақстан» спорт кешенінің жанында) су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша коньки тебуге тыйым салынатынын ескертеді. Азаматтардан оқиғаларды болдырмау мақсатында ескертулерді тыңдауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңызға сақ болыңыздар, — делінген елорда әкімдігі таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы