29 Тамыз 2026, 10:50 Фото: depositphotos.com

Астанада Бараев көшесінің бір бөлігі 1 қыркүйекке дейін ішінара жабылады

Жол құрылысы жұмыстары аясында жол төсемінің жоғарғы қабаты төселеді.

Астанада Бараев көшесінің бір бөлігі 1 қыркүйекке дейін ішінара жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады.

А. Бараев көшесінің Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 29 тамыздан 1 қыркүйекке дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Қозғалыс жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту үшін жол бойына уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.