Астанада БАҚ өкілдері марапатталды

Елордада бұқаралық ақпарат құралдарының үздік өкілдері мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсім Орталық коммуникациялар қызметінде өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген медиа мамандар қатысты.

Марапаттарды Мемлекет басшысы атынан ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов табыстады.

Журналистерге "Құрмет" ордені, "Ерен еңбегі үшін", "Шапағат", "Еңбек ардагері" медальдары мен "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгілері берілді.

Марапат иегерлері – отандық журналистиканың дамуына зор үлес қосқан тәжірибелі мамандар. Олардың арасында редакторлар, теле-радиоарна қызметкерлері, дизайнерлер, продюсерлер мен өңірлік тілшілер бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Өзгелердің жаңалығы