Астанада баланың басына үйдің қасбеті құлап кетті
Желіде видео тарады. Онда үйдің кіреберісінен шыққан баланың басына қасбет құлағанын көруге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Tengrinews.kz мәліметінше, оқыс оқиға 12 мамырда Sat City тұрғын үй кешенінде болған.
Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала бас жарақатын алғанымен, өзі аман-есен екен.
Қалалық көпбейінді №2 балалар ауруханасының травматологиялық бөліміне 2013 жылғы бала жүгінді. Ұл бала самайындағы жараға шағымданды. Баланы тексеру кезінде соғылған жара анықталды. Баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, - делінген ведомство хабарламасында.
Басқарма атап өткендей, бала хирургтің бақылауында болады. Оған тиісті кеңес берілді. Қазір ол амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Видео: Астана - Что? Где? Когда? Telegram-арнасынан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шомылу маусымы. Павлодар облысында қанша жағажай іске қосылады
Өзгелердің жаңалығы