Астанада баланы өлтірген күтуші мен ер адам сотталды
Астанада күтуші мен оның азаматтық некедегі жолдасы сәбиді өлтіргендері үшін сотталды. Сот оларды 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өткен жылы бала күтуші мен бірге тұратын ер адам жас баланы физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен, салдарынан бала қаза тапқан.
Қала прокуратурасының үйлестіруімен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел және объективті тергеп-тексеру қамтамасыз етілді.
Сотта мемлекеттік айыптаушымен аталған адамдардың кінәсі туралы бұлтартпас дәлелдер келтірілді, олар 17 және 23 жылға сотталды, - деді Астана қаласының прокуратурасында.
Үкім заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы