Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарысы өтті

Астанада балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарыстары мен ат шоуын қамтыған «Prestige кубогы» спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарысқа 12 мен 16 жас аралығындағы жас шабандоздар қатысып 110 см биіктіктегі кедергілермен белгіленген маршруттарды еңсеру бойынша өнер көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарыстары Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) ережелерін сақтай отырып ұйымдастырылды. Жүлде қоры 1 500 000 теңге.

Жарыс нәтижелері:

1 орын – Нұрлы Медетхан мен тұлпары Бүркіт (Prestige Horse Club);

2 орын – Алина Бигалиева және Diaz13 (Prestige Horse Club);

3 орын – Карина Най мен Примач («Көкпар Астана» клубы).

Жеңімпаздарға медальдар, сертификаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды. 4-5 орын алған қатысушыларға сертификаттар мен ақшалай сыйақылар берілді.

Көрермендер үшін бұл күні әсерлі шоу-бағдарлама ұсынылды: жамбы ату, сирек тұқымды аттардың көрмесі және этно-музыкалық сүйемелдеу ат спортына қызығушылық танытқан жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ат спорты федерациясы
Өзгелердің жаңалығы