Астанада балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды

Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері талқыланды.

Кеңеске ҚР-дағы ДДҰ Өңірлік офисінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы (ЮНФПА) қорының өкілдері және т. б. қатысты.

Кездесу барысында «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларына күдіктену және анықтау, тіркеу, жұмыс істеу және уәкілетті органға/қызметке жіберу кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» операциялық процедура стандартын (бұдан әрі - ОПС) әзірлеу бөлігінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы мәселелер қаралды.         

Кеңеске қатысушылар ОПС әзірлеу және енгізу жөніндегі Жұмыс тобын құру туралы бірауыздан шешім қабылдады. Жұмыс тобының құрамына ҚР-дағы ДДҰ-ның Өңірлік офисінің, БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), БҰҰ-ның халықты қоныстандыру саласындағы (ЮНФПА) қорының және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының өкілдері кіреді.

2018 жылы 5 қарашада ҚДСҰО мен ЮНИСЕФ-тің 2018-2020 жылдарға арналған «Балалар, жасөспірімдер және отбасы үшін теңдік және инклюзия» және «Балаларға мейірімді әлеуметтік орта» бірлескен жоспарына қол қойылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы