Астанада балабақша өртеніп жатыр
Бүгін Астанада Хлудов көшесі бойында орналасқан балабақша өртеніп жатқаны хабарланды, деп жазады BAQ.KZ.
Қалалық ТЖД мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенше, барлық бала эвакуацияланған.
2 мамыр сағат 15:29-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшесі Хлудова көшесі 1 мекенжайында өртеніп жатқан балабақшаға қарай шықты. Оқиға орнына келіп жеткенде балабақша мекемесінің шатыры өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер бірден адам іздестіру шараларына кірісті. Әкімшілік сөзінше, өрт сөндірушілер келгенше, барлық бала сыртқа шығарылған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, - делінген ТЖД хабарламасында.
ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, өртеніп жатқан "Асыл ұрпақ" балабақшасы жекеменшік екен. Балабақша ғимараты екі қабаттан тұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Модельер Валентин Юдашкин қайтыс болды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы