Астанада азық-түлік бағасына қатаң бақылау енгізілді
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің негізсіз қымбаттауына тосқауыл қойылмақ.
Астанада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бақылау күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қала әкімдігінің ақпаратына сәйкес, арнайы мониторингтік топ құрылып, оның құрамына сауда департаменті, әкімдік, мемлекеттік кірістер органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері енгізілген. Топ қаладағы ірі сауда орындарын жүйелі түрде тексеріп, баға өсімінің негізділігін бақылауға алған.
Астана қаласы Bнвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаевтың мәліметінше, тексеріс барысында өңірлік комиссия мүшелері ірі базарларды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына мониторинг жүргізген. Негізгі назар делдалдық тізбектерді анықтауға және бағаны негізсіз көтеру фактілерінің алдын алуға аударылған.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ет өнімдеріне, атап айтқанда сиыр, жылқы және қой етіне баға бақылауы енгізілген.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, мұндай тексерістер тұрақты түрде жалғасады. Бұл шаралар астаналықтар үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және нарықтағы бағаның тұрақтылығын сақтауға бағытталған.
- Астанада үш жасөспірім электросамокатпен автобусқа қарсы жүріп, бірі жол апатына түсті 11:06
- Оңтүстік Кореяда рекордтық ыстықтан егістікте картоп «пісіп» жатыр 10:45
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек өңдей бастады – сарапшы 10:35
- Неліктен қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары сайлауда белсенді болады? – Сарапшы түсіндірді 10:21
- «JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті 10:05
- «Рекультивация» деген сылтаумен 1 млрд теңгенің марганец кенін өндірген топ ұсталды 09:51
- Тоқаев Пәкістан Премьер-министрінің Астанаға сапарын асыға күтетінін айтты 09:45