Астанада қазақ тілін тегін оқытатын курс ашылды

Астана, baq.kz. Елордада ересектерге қазақ тілін тегін үйрететін курс ашылды.

Астана қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ересектерге қазақ тілін оқыту курсына тыңдаушыларды тіркеу бастаған.

«Руханият» КММ мамандарының хабарлауынша, аталған курсқа жазылған азаматтар қазақ тілін тегін үйренеді.

Тыңдаушыларды тіркеу 20 қаңтарға дейін жалғасады. Курсқа Ryhaniat.kz сайты («Оқыту курсына онлайн тіркелу» сілтемесі) арқылы тіркеле алады.

Оқыту курсы туралы қосымша сұрақтар бойынша «Руханият» КММ мамандарына 77-93-37 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы