Астанада Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әйтеке би көшесінің Қ. Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі аралағында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, осыған байланысты осы учаскедегі қозғалыс ішінара кезең-кезеңімен жабылатын болады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады: 15-18 қыркүйек аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінен Сығанақ көшесіне қарай, содан кейін 19-23 қыркүйек аралығында Сығанақ көшесінен Қ. Мұхамедханов көшесіне қарай, - делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы