Астанада Айманов көшесі уақытша жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Ш.Айманов көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды әкімдікің ресми сайты.
Осы жылдың 1-8 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Ш.Айманов көшесінің Бөгенбай батыр даңғылынан Ы.Дүкенұлы көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген бейінді басқарманың хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы