Астанада аяз қайта күшейеді, Алматыда қар жауады: 21-23 қаңтарға арналған болжам
Алдағы үш күнде Астана мен Алматы қалаларында ауа райы құбылмалы болады. Елорданы аяз бен боран күтіп тұрса, оңтүстік астанада қар жауып, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК синоптиктеріне сілтеме жасап.
Астана: аяз бен боран күшейеді
21 қаңтар
Аспан бұлтты болады, кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с.
Түнде –18…–20 °C, күндіз –14…–16 °C.
22 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с.
Түнде –22…–24 °C, күндіз –16…–18 °C.
23 қаңтар
Аспан бұлтты, күндіз қар жауып, төменгі боран соғады. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с.
Түнде –25…–27 °C, күндіз –20…–22 °C.
Алматы: қар мен көктайғақ
21 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с.
Түнде –11…–13 °C, күндіз –3…–5 °C.
22 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, кешке қарай қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Түнде –8…–10 °C, күндіз –1…–3 °C.
23 қаңтар
Ауыспалы бұлтты, кей уақытта қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан 5-10 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін.
Түнде –5…–7 °C, күндіз –3…–5 °C.
Синоптиктер Астанада қатты аяз бен боранға, ал Алматыда қар мен көктайғаққа байланысты тұрғындарды жолда сақ болуға шақырады.
Еске салсақ, Қазақстанда 20-22 қаңтар аралығында ауа райы күрт нашарлайтыны хабарланған болатын. Синоптиктердің болжамынша, елдің солтүстігінде түнде -38 градусқа дейін аяз күшейіп, қар, боран, тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстікте ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.