10 Қазан 2025 2025, 09:05
Фото: видеодан скриншот
Астанада аялдаманы сындырған ер адам ұсталды
Астанада аялдама әйнегін сындырған ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада аялдама әйнегін сындырған ер адам анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елордалық полиция қызметкерлері қоғамдық мүлікті бүлдірген ер адамды ұстады.
Оқиға түнгі сағат 03:00 шамасында болған. Ер адам мас күйінде аялдама павильонының әйнегін сындырып кеткен. Оқиға куәгерлері полицияға хабар бергеннен кейін, тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзамай ұстады.
Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1 бөлігі «бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 тәулікке қамауға алынды. Елордада жыл басынан бері бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада ұрланған малды сойып, етін сатып жіберген қылмыстық топ ұсталғанын хабарладық.