Астанада аялдамада тұрған адамдарды көлік қағып кетті

Елордада бүгін таңертең жол апаты болды. Көлікті тізгіндей алмаған көлік аялдамаға кіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті.

29 қыркүйекте сағат 08:31-де Mеrcedes-Benz көлігі Байтұрсынов көшесінен Жүргенов көшесіне кетіп бара жатып, басқа жолаққа түсер кезде сол бағытта жүріп бара жатқан Mazda көлігіне апаттық жағдайды туындатты. Салдарынан көлікті тізгіндей алмай қалған Mazda жүргізушісі аялдамаға соқтығысқан, - делінген Астана ПД таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, апат салдарынан зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Қаза болғандар жоқ. 

Видео: @kriminalkz_bot

Видео кадрларында аялдамадағы бірнеше адамның жерден тұра алмай жатқанын көруге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан скриншот
Өзгелердің жаңалығы