6 Қазан 2026, 07:44
Фото: Скриншот
Астанада автотұрақта тұрған бес көлік түгі қалмай жанып кетті
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Астананың Сарайшық ауданында А. Байтұрсынұлы көшесіндегі тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді.
Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткен. Олар келген кезде көліктер ашық жалынмен жанып жатқан. Қатты желдің салдарынан өрт бір-біріне жақын тұрған көліктерге тез тараған.
Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Құтқарушылар қатты жел кезінде өрттің тез таралуы мүмкін екенін ескертеді. Өрт белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу қажет.