Астанада автосервис өртенді
Елордалық өрт сөндірушілер Сарыарқа ауданында орналасқан автосервисінің өртін сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Нақтыланған мәлімет бойынша шина монтаждауға жабдықталған контейнердің ішінде жабдықтар, ішкі қаптама және резеңке-техникалық бұйымдардың жануы орын алды.
Өрт сөндірушілер өрттен сыйымдылығы 50 литр болатын 2 оттегі баллонын қауіпсіз аймаққа шығарылды. Өрт 25 шаршы метр алаңда сөндірілді, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Өзгелердің жаңалығы