Астанада автокөлік өртенді

Елордалық құтқарушылар автокөліктің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Астанада Нұра ауданы Қорғалжын тас жолы бойында жеңіл автокөлік өртенуі орын алды. Оқиға орнына өрт сөндіру жасақтары жеткен кезінде автокөлік толықтай отқа оранған еді. Өртті сөндіру үшін орташа көбік түзгіш генератор қолданылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, зардап шеккендер жоқ. 

ТЖМ азаматтарды қысқы мезгілде, әсіресе ауа райының суытуы кезінде, автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан алынған кадр
Өзгелердің жаңалығы