Астанада автобустың әйнегін сындырған жолаушы қамауға алынды
Аялдамадан өтіп кеткен автобусқа ашуланған астаналық 20 тәулікке қамалды.
Астана полицейлері қоғамдық көлік мүлкіне зиян келтірген ер адамды анықтады.
Полицияға қалалық автобустардың бірінде жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті сындырғаны туралы хабарлама түскен.
Тексеру барысында құқық бұзушының 44 жастағы ер адам екені анықталды. Белгілі болғандай, жанжалға автобустың өзі түсуі тиіс аялдамаға тоқтамай, өтіп кетуі себеп болған. Осыған байланысты жолаушы жүргізушімен сөзге келіп, кейін ашуға бой алдырып, жүргізуші кабинасын салоннан бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып, сындырып жіберген. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың қаулысымен оған 20 тәулікке әкімшілік қамақ жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция кез келген даулы жағдайды заң аясында шешу қажеттігін ескертеді. Агрессивті әрекеттер, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және қоғамдық тәртіпті бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Еске салайық, бұған дейін астаналық ер адам автобустағы балағат сөздері мен агрессивті әрекеті үшін 15 тәулікке қамауға алынды.
- Қазақстанда құрылыс қарқын алды: Жарты жылда 4 трлн теңгеден астам жұмыс атқарылды 15:11
- Қазақстандық триатлоншылар Азия кубогінде төрт медаль жеңіп алды 14:48
- Ақмола облысында бір тәулікте 100 гектарға жуық жер өртенді 14:13
- Маңғыстауда мұнай кен орнында резервуарды тазалау кезінде өрт шықты 13:49
- Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа қатаң талап қойды 13:17
- Қытайдағы алау мерекесінде 16 адам күйіп қалды 12:49
- 9 тамызға арналған валюта бағамы жарияланды 12:09