Астанада автобустар саны артты: Аялдамадағы күту уақыты қысқарады
Астанада қоғамдық көліктің жұмысы күшейтілді. Қалалық төрт және экспресс санатындағы үш бағытта автобустар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ City Transportation Systems көлік кешендерінің операторына сілтеме жасап.
Өзгерістер бірден бірнеше бағытқа қатысты:
• №20 маршрут – 19 автобус (бұрын 17 болған);
• №60 маршрут – 18 автобус (бұрын 16);
• №63 маршрут – 19 автобус (бұрын 17);
• №78 маршрут – 10 автобус (бұрын 8);
• №501 маршрут – 10 автобус (бұрын 8);
• №502 маршрут – 10 автобус (бұрын 8);
• №505 маршрут – 10 автобус (бұрын 8).
Демалыс күндеріндегі өзгерістер қандай?
Сонымен қатар демалыс күндері №63 маршрут қосымша күшейтіледі. Бұл бағыттағы автобустар саны тағы төртке арттырылып, желіде барлығы 14 автобус қатынайды.
Көлік қызметінің мәліметінше, қабылданған шаралар қозғалыс аралығын қысқартуға және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы