Астанада автобус картасына қатысты өзгерістер енгізілді

Елордада қоғамдық көлік картасының төлемді белсендіру мерзімі 15 күннен 30 күнге дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

City Transportation Systems мәліметінше, осыған дейін төлемді белсендіру мерзімі 15 күн болса, енді төлемді белсендіру мерзімі 30 күнге дейін ұзартылды.

Көлік картасының теңгерімін толтырғаннан кейін немесе таңдалған тарифті сатып алғаннан кейін төлем белсендіруді қажет етеді. Төлемді белсендіру үшін көліктік картаны автобустағы планшетте 2-3 секунд ұстап тұру керек. Айта кетейік, төлемді белсендіру кезінде бір мезгілде жол ақысын алу жүргізіледі. Төлемдерді іске қосу кезінде осы ақпаратты ескеруіңізді сұраймыз, - деп ескертті компания Instagram-дағы парақшасында.

Сонымен қоса 30 күнде белсендіріп үлгермеген жағдайда, жүйе төлемді бұғаттап тастайды. Оны қайта іске қосу үшін Рақымжан Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы CTS Орталық кассасына бару керек немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Төлемді уақытылы белсендіруге шақырамыз, - деп қосты City Transportation Systems баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/cts_kz
Өзгелердің жаңалығы