Астанада автобус электр бағанына соғылды: зардап шеккендер бар

21 ақпанда Астанада Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай бағыт алған жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр бағанына соғылды. Бұл туралы BAQ.KZ Астана қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, жол апаты болғанда автобуста 25-ке жуық жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алып, қажетті көмек алу үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Апаттың мән-жайы мен себептері анықталуда, - деп атап өтті полициядан.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолда өте мұқият болуға, төтенше жағдайларды болдырмау үшін жылдамдық режимін және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы