Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды
Астанада қалалық және өңірлік тауар өндірушілердің қатысуымен демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қайта ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі әр демалыс сайын Астананың сол жағалауындағы Сауран, 7 мекенжайында өтеді.
Кәсіпкерлер тауарлардың кең ассортиментін ұсынады, оның ішінде сүт, азық-түлік және ет өнімдері, көкөністер, жеміс-жидек, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық түрлері – нан өнімдері, жарма, жұмыртқа, күнбағыс, май, қант және т.б. Жәрмеңке демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атбасарда республикалық маңызы бар жолды су алды
Келесі жаңалық
Апта басындағы валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы