Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

29 маусымнан бастап Астанада Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойында күн сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Рио-де-Жанейро" ТК (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23) қарама-қарсы орналасқан жаңа жәрмеңке күн сайын сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңкеге келушілер жергілікті тұрғындардан, сондай-ақ Түркістан, Жамбыл және Ақмола облыстарынан келген тауар өндірушілерден көкөністер мен жемістер, сапалы ет, ұн өнімдерін және басқа да көптеген ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып ала алады.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жәрмеңкенің жанында №49, 73 автобус маршруттары өтеді, бұл оның өтетін орнына ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, елордада демалыс күндері де арнайы жәрмеңке жұмыс істейді. Ол Сарыарқа ауданында Б. Соқпақпаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан.
 

Бұл жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы