Астанада «Ауыл ойындары - 2024» турнирі өтп жатыр

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Ауыл» партиясы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен бірге «Ауыл ойындары - 2024» турнирін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Турнирдің негізгі мақсаты - Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен тұңғыш рет Астана қаласында өтетін республикалық Агрофорум бастамаларына қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің еңбегінің маңыздылығын ашып, қарапайым жұмысшы мамандықтарын дәріптеу. Сондай-ақ, аталған турнир жоғарғы оқу орындары студенттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттап, және ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлес қосуды көздеді.

Іс-шараға Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары Жигули Дайрабаев пен Анас Баққожаев қатысты.

Өз сөзінде Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев «Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спорт түрлерін, әсіресе ауыл спортын дамытуға ерекше мән берді. Әрбір жаңа бастаманың нәтижиелі жүзеге асуы, ең алдымен мамандарға қатысты екені белгілі. Сондықтан, терең білім алған, заманауи технологияларды меңгерген Сендер, еліміздің аграрлық саласын, ауыл- селоларымызды дамытуға жаңа леп әкеледі деп сенеміз, - деді.

Турнирде 11 команда құрамында Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстарындағы жоғарғы оқу орындарында ауыл шаруашылығы мамандығында оқитын 150 тарта студенттер асық ату, ләңгі тебу, арқан тартыс, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ және қазақша күрес сияқты т.б ұлттық спорт түрерінен өзара күш сынасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы