Астанада ауа райына байланысты рейстер кешігуі мүмкін

Астана халықаралық әуежайының әуеайлағында қызметкерлер қолайсыз ауа райына қарамастан жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы бойынша 10 қаңтарда дауылды ескерту жарияланды. 14:00-20:00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жетуі мүмкін. Мұндай ауа-райында әуе рейстері тоқтатылып немесе кешіктірілуі мүмкін.

Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қалың қар. Қарды тазалауға 10 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған. Бірақ 7 рейс әуекомпаниялардың техникалық себептеріне байланысты кешіктіріліп жатыр. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе кейінге қалдыруы тіркелген жоқ. Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы 8(7172)702-999 жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы