Астанада әскери қызметшілер арасында волейболдан турнир өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің XII Спартакиадасы аясында Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының волейболдан чемпионаты өтті. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жарыста жеңіске жету үшін Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб құрылымдық бөлімшелерінің атынан 34 команда бақ сынасты.   

Тартысты ойында Жауынгерлік даярлық департаментінің өкілдері жеңіс тұғырынан көрінді. Финалда олар Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығының командасын жеңді. Үздік үштікті Кадрлар департаментінің командасы тұйықтады. 

Бас басқармалар арасында Әскери инфрақұрылым бас басқармасының әскери қызметшілері үздік деп танылды. Екінші орын Тыл бастығы және қару-жарақ басқармасының командасына бұйырды. Әскери полиция бас басқармасының өкілдері үшінші орын алды.   

Қарулы күштерде дене даярлығын дамытуға ерекше назар аударылады. Негізгі мақсат – әскери қызметшілерді спортпен тұрақты шұғылдануға тарту, әскери қызметшілердің дене дайындығы мен спорттық шеберлік деңгейін арттыру болып табылады, - деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының бастығы Айталап Құрғамбаев. 

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы