Астанада арнайы эко-бокстар орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтанда пайдаланылған қорғаныс құралдарын тастайтын арнайы эко-бокстар орнатылды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев онлайн брифинг барысында аталмыш бокстардың пайдасы туралы айтты.

Пайдаланылған қорғаныс құралдарын жинау және жою үшін арнайы эко-бокстар орнатылды. Бетперделер, қолғаптар, салфеткалар және антисептиктерден қалған ыдыстарын жинауға арналған эко-бокстар ойластырылды. Қазіргі таңда қаламызда 80-нен астам арнайы контейнер эко-бокстар орнатылды. Олар жиі баратын супермаркеттер мен гипермаркеттерде және карантин кезінде жұмыс істейтін сауда үйлерінде, "Астаналық", "Әсем", "Шапағат", "Әлем" базарларында, "Маgnum", "Small", "Гастроном" гипермаркеттерінде, "Хан шатыр", MEGA Silk Way, "Керуен сити" ойын-сауык орталықтарында және де "Қазмедиа" орталықтарында, яғни адам көп шоғырланатын жерлерге орнатылды, - деді Алтынбек Қайсағалиев.

Сондай-ақ, брифинг барысында мұндай эко-бокстардың пайда болуы коронавирустың таралуына кішкене болсын тосқауыл болатыны айтылды. 

Бұдан бөлек, спикер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қала тұрғындарына карантин режимін сақтап, жеке гигиена қорғау құралдарын пайдалануға, себепсіз үйден шықпауға шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы