Астанада аралар балалар алаңына ұя салған

Құтқарушылар тұрғын үйдің ауласындағы араның ұясын алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Елордада Тұран даңғылының тұрғындарына құтқарушылардың көмегі қажет болды. Балалар алаңының жанында ара ұя салған.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орнына келіп, қауіптен құтқарды.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы