Астанада «Ақ жол» партиясының құрылтайы өтіп жатыр

Елордада «Ақ жол» партиясының ХІХ құрылтайы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Белгілі болғандай, құрылтай жұмысына партия мүшелерінің саны ескеріліп, өкілдік нормаларға сәйкес өңірлік партиялық конференцияларда сайланған 130-ға жуық астам делегат қатысып отыр. 

Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралады. Бірінші мәселе – партияның мерзімінен бұрын өткелі жатқан Президент сайлауына қатысуы талқыланады. Екінші мәселе – «Ақ жол» партиясының атынан Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ұсыну туралы. Үшінші мәселе - партияның саяси бағдарламасы жөнінде, - деп атап өтті фракция төрағасы Азат Перуашев. 

Құрылтайдың күн тәртібінде «Ақ жол» демократиялық партиясының мерзімінен бұрын өткелі жатқан президенттік сайлауға қатысуы талқыға салынады. Осылайша, партия атынан президенттікке кандидат ұсынылады. 

Айта кетерлігі, «Ақ жол» партиясы Ұлттық кеңесінің президиумы биыл 27 қыркүйекте партияның құрылтайын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. 

Еске сала кетейік, биыл кезектен тыс Президент сайлауы 20 қараша күні өтетіні белгілі. Ол тәуелсіз ел тарихында осымен жетінші рет, ал кезектен тыс президент сайлауы ретінде алтыншы мәрте өткізіледі деп жоспарланып отыр.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы