Астанада Халықаралық аналар күні қайда баруға болады

Астана, BAQ.KZ. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық мәдениет мекемелері түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын дайындады. Әр түрлі талғамда ұйымдастырылатын шаралар әйелдер үшін жақсы сый болмақ.
 

1 наурызда Тәуелсіздік сарайында «Гүлдің нәрі» көрмесі ашылды. 30 наурызға дейін жалғасатын экспозицияны сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін көріге болады.

Қалалық кітапханаларда дабірқатар кітап көрмелері өтеді. Оларды10 наурызға дейін тамашалауға болады. Мысалы, №4 Балалар кітапханасында «Прекрасных женщин имена» көрме-галереясы ұйымдастырылды. №3 Балалар кітапханасында «Айналайын, ақ мамам! Мамина улыбка!» шарасы, Мичурино кентіндегі көпшілік кітапханасында 8 наурызға орай «Көктем –ана, қыздар - гүл» қолданбалы өнер көрмесі өтеді.

6 наурызда Сәкен Сейфуллин музейі, «Бәйтерек» монументі және Алжир музейі сағат 10.00-18.00 аралығында тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы аналарды ашық есік күніне шақырады.

6 наурызда «Жастар» сарайында сағат 18.30-да «Астана» ЭСО биг-бэндінің «Джаз-Любовь-Весна» концерті өтеді.

Осы күні «Астана» концерт залында «О чем поют мужчины» концерті ұйымдастырылады, ал Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтарын «Қалам мен бесік тербеген» әдеби-шығармашылық кешіне шақырады.

7 наурызда сағат 17.00-де «Қазақстан» ОКЗ Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтеді.

Мереке күндері елордалық театрларда белгілі қойылымдар сахналанады.

10 наурызда «Жастар» сарайында «Весенняя капель» балдық билер жарысы өтеді. 8 наурызға арналған мерекелер легі 16 наурызда сағат 15.00-де №5 көпшілік кітапханасының «Живая книга» «Я все таки люблю тебя, Весна!» жобасымен аяқталады. Осы күні кешке сағат 19.00-де ҚР халық артисі Мақпал Жүнісова қала тұрғындары мен қонақтарын «Астана» концерт залында өтетін «Жан ана» атты концертіне шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы