Астанада ана мен бала өрттен құтқарылды

Астанада құтқарушылар ана мен баланы өрттен құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Елордалық 112 қызметіне Есіл ауданы Керей Жәнібек хандар көшесінде орналасқан тұрғын үй кешеніндерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері барлау кезінде 14-ші қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттарының жануын және одан шыққан қалың түтінің барын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны жанып жатқан пәтерден ашық ауаға ана мен 2022 жылы туған баланы шығарып құтқарды, - делінген хабарламада.

Өрт 7 шаршы метр аумақта жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: -архив
Өзгелердің жаңалығы